|
Утверждаю
аким города Жезказган
_______________ Б. Шингисов
ТИПОВАЯ ФОРМА
плана мероприятий по реализации предложений и замечаний населения, высказанных в ходе отчетов акима г. Жезказган с населением города и сел Кенгир, Талап, Малшыбай
№
|
Высказанные
замечания/предложения
|
Сроки исполнения и мероприятия
по реализации замечаний/предложений
|
Ответственный
|
1.
|
Жүніс Жангелдіұлы (Кеңгір селосының тұрғыны) - мен Кеңгір селосындағы Ұлытау көшесінде тұрамын. Көктем шыққанда, жаңбырлы күндері осы көшенің жолымен жүру мүмкін емес. Жол салынбаса да бір қиыршық тас төселсе екен?
|
Бізге жол мәселесі белгілі. Қала басшылығы ауылдық елді мекендердегі көше жолдарын салуды, жөндеуді назардан тыс қалдырмайды. Өткен жылы 12 млн. теңгеге Кеңгір селосындағы жалпы ұзындығы 1 шақырым жол асфальтталды. Соңғы жылдары жыл сайын 1 млн. теңгеге жолдарды күтіп ұстауға тұрақты қаржы бөлініп келеді. Биылғы жылы 3 млн. теңге көше жолдарын жөндеуге бөлінді.
|
Серікжан Ғабдулуахитов - Кеңгір селосының әкімі
|
2.
|
Алтаева Гүлсім (Кеңгір селосының тұрғыны) – Кеңгір селосында қазіргі уақытта балабақша жоқ, бір шағын орталық бар. Бірақ ол толық жұмыс істемейді. Түске дейін және түстен кейін ғана, бұл бізді қанағаттандырмайды! Сол себепті осы №2 орта мектептің ішінен шағын орталық ашылса және толық жұмыс істесе екен деймін.
|
Бүгінгі күні Кеңгір селосында 2-6 жас аралығында 77 бала бар. Таяу арада, яғни 1-2 жылда бала бақша салып беруге мүмкіндік жоқ. Сондықтан біз №2 орта мектебінен 60 орындық шағын орталық ашып, балаларды толық күн режимінде тәрбиелеуге, яғни, бала бақшалармен бірдей жұмыс істеуді қамтамасыз етуді жүзеге асырмақпыз. Қазіргі уақытта тиісті құжаттар, есептер жасалынуда, олар біткен соң қаржы қарастырылып, 1 қыркүйектен бастап шағын орталықты іске қосуды жоспарлап отырмыз.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
3.
|
Батырбаева Меруерт (Кеңгір селосының тұрғыны)- Селомызда клуб ашылады деп естіп жатырмын, мен өте қуаныштымын! Осы жайлы толығырақ айта кетсеңіз?
|
Селода салынатын клубтың жобалық-сметалық құжаттары бар. «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі конкурстық процедураларды өткізіп жатыр. Бюджеттен 54 млн. теңге клуб салуға сәйкес бөлінді. Сондықтан село тұрғындары арасында осы клубта қандай үйірмелер болу керек соған байланысты сауалнама жүргізіледі. Қазіргі кезде селомызда жастардың саны басым, сол себепті селода клуб болу керек.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
4.
|
Мартыненко Ольга (житель села Кенгир)- у нас стоит ограмный вопрос о чистоте питьевой воды, когда этот вопрос найдет свое решение?
|
Чтобыобеспечить жителей питьевой водой с Искулинского водовода в городском бюджете заложили средства на разработку технико-экономического обоснования. В этом же году подготовим проектно-сметную документацию. Чтобы жители села были в курсе, по Искулинскому водоводу выделено из городского бюджета 5 млрд. тенге, заказчикам является акимат города Жезказган, администратором программы является Комитет водного хозяйства МСХ РК. На сегодняшний день средства практический освоены.
|
Шингисов Бауржан Кабденович – аким города Жезказган
|
5.
|
Бекзат Дайрабайұлы (Қорғанбай ауылының тұрғыны)- мен Қорғанбай ауылына шаруашылықпен айналысу үшін көшіп келгенмін. Ауылда жалға алған жерім бар. Сол жерде «Жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ заңсыз түрде қазба жұмыстарын жүргізді. Сол себепті осы мәселенің шешімін тауып берсеңіздер екен?
|
Бұл сұрақ бойынша қалалық жер қатынастар бөлімі бастығына тапсырма жүктеймін. Жақын арада осы мәселеге қатысты сұрақтар шешімін табады.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
6.
|
Назгүл Молдақайырова (Талап селосының тұрғыны, зейнеткер) – Менің сұрағым су мәселесіне қатысты. 2011-2012 жылдары селомызда 15 калонка салынды бірақ бүгінгі таңда ол калонкалар дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ. Осы су мәселесі қалай шешімін табады?
|
2013 жылға жобалық-сметалық құжаттары жасалынады. Ақпан айының аяғында конкурс жарияланады. Осыдан кейін Жезқазған-Талап су құбырын салуға байланысты жұмыстарды жүргіземіз. Калонка мәселесі бойынша қала әкімінің орынбасары Н.С. Орынбаевқа тексеріп, ұсыныс беру үшін жұмысты жүктеймін.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
7.
|
Жұмағали Әлкібай (Талап селосының тұрғыны, зейнеткер) ауыл шетіндегі скотомогильник иесіз жатыр, осы жұмыс шешімін қашан табады?
|
«Скотомогильник» қазіргі кезде ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің қарауына өтті.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
8.
|
Орынбаева Әсия ( Талап селосының тұрғыны, зейнеткер) – ауылымызда дәрігер жоқ, медпункты жабады деп естідік. Осы жайлы білейін деп едім?
|
Селодағы амбулатория жеке меншік болатын. Қазіргі уақытта дәрігердің зейнетке шығуына байланысты амбулатория жабылды. Бірақ медпункт істеп жатыр, қаладан арнайы кестеге сәйкес медбибілер келіп қабылдап жатыр. Дәрі-дәрмекті қаладан аласыздар, қан қысымы және т.б. жағдайларға байланысты дәрі-дәрмектер бар.
|
Кенжетай Қабыкенұлы Қабыкенов – денсаулық сақтау басқармасының Жезқазған аймақтық өкілдігінің бастығы
|
9.
|
Өмірқұлова Әйгерім (Талап селосының тұрғыны)- мамыр айында селодан үй сатып алғанмын. Қазіргі уақытта қалаға көшкім келеді. Қалада жұмыс істегендерге үй береді деп естідім, қалада жұмысқа орналасып үй алуға мүмкіндігім бар ма?
|
2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы белгісіз. Ол бағдарламалар болған жағдайдың өзінде сіз ол тізімге кірмейсіз. Себебі ол тізімге осы селода 3 жыл тіркеуде тұрған және жұмыссыз адамдар кіреді.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
10.
|
Беймағамбетов Кеңес (Малшыбай селосының тұрғыны, зейнеткер) – Малшыбай селосына дейінгі 10 шақырым тас жолға асфальт төселеді ме?
|
Биылғы жылы село ішіне 5,5 шақырым тас жолдың құрылысы басталады оған жергілікті бюджеттен 22 млн. тенге бөлінді. Ал Малшыбай селосына дейінгі 10 шақырым жол облыстық жолжолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының құзырында. Бұл мәселе бойынша жұмыс атқарамыз.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
11.
|
Алимов Біркен (Малшыбай селосының тұрғыны, зейнеткер) – Малшыбай селосында қазіргі уақытта мәдениеттік іс-шаралар өткізілмейді. Селомыз мәдениеттен алыстап барады. Осы жағына ықпал етсеңіз?
|
Селолық жерлерге арнайы бағдарлама әзірлеп, өнер адамдарының қатысуымен айына бір рет концерттік бағдарлама қоюды мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығына тапсырды.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
12.
|
Таев Уәли (Малшыбай селосының тұрғыны, зейнеткер)- Селодағы үйлерімізге ауыз су құбырын жалғап беруге көмек болады ма?
|
Үйлеріңізге ауыз су құбырын тартып беруге бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Сол себепті көктем шыға жол салуға қалалық автожолдар басқармасының техникасы келеді. Осы кезде жұмысты ұйымдастырып, алдын ала үйлеріңізге қанша материалдар керектігін есептеулеріңіз қажет.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
13.
|
Досанова Күләй (Малшыбай селосының тұрғыны) – Балам денсаулығына байланысты 4-ші сыныптан бастап үйде оқып жатыр. 2006 жылы № 517 кезекпен үй кезегіне тіркелдік, 2011 жылы наурыз айында № 105 орында тұрғанын «Сарыарқа» газетінен көрдік, ал енді 2012 жылы № 203 орынға көтерілдік. Қандай жағдайлар бойынша тізім жоғары көтерілді, алдағы оқуыма байланысты кәсіптік тәжірибеден Жезқазған қаласынан өтуім керек, сондықтан үй мәселесін жедел шешіп беруіңізді сұраймын?
|
2011 жылы наурыз айында «Сарыарқа» газетіне шыққан тұрғын үй алу кезегі тізімі техникалық ақауларға байланысты газет беттеріне қате басылып шыққан. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 74 бабының 3 тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегі тізіміне сәйкес беріледі. Осыған орай өз кезегіңізді күтуіңіз қажеттігін жеткіземіз.
|
Алмаз Әлімбекұлы Жандарбеков – «Жезқазған қаласы ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ-нің бастығы
|
14.
|
Сейтжанова Г.Б. (Талап селосының тұрғыны)- ауылда жұмыссыз жүргеніме 7 жыл, мамандығым мұғалім, 2013 жылы мамандығым бойынша жұмыс табылады ма?
|
Мұғалімдік дипломыңыз болмағандықтан мұғалім мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмайсыз, бірақ қоғамдық жұмыстарға орналасуыңызға болады. Ол үшін Ғарышкерлер 39а мекен-жайында орналасқан «Жұмыспен қамту орталығына» келіп жолығуыңызға болады.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
15.
|
Әбеева Гүлдана Сламбекқызы – қала тұрғыны: 6-шы мөлтекауданындағы қоқыс жәшіктерінің уақытында жиналуы қалай жүзеге асырылып жатыр?
|
6-шы шағын аудандағы қоқыс жәшіктерін жинау жұмыстары «IskerGN» ЖШС ұйымы тарапынан күнделікті атқарылып отыр. Сонымен қатар, қаланың шағын аудандарынан тұрмыстық-қатты қалдықтарды шығару кестесі бекітілген. Осы кестеге сай жұмыс атқарылады.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
16.
|
Айтбаева Жұматай Төлепбекқызы. – қала тұрғыны, зейнеткер: Айналаны жасыл желекке айналдыру мақсатында жаз айларында суармалы суды белгілі бір уақыттарда жіберіп тұруды қамтамасыз ету жағдайы қаншалықты деңгейде жолға қойылған?
|
Қарағанды облысы әкімдігі мен Қазақмыс корпорациясы арасындағы меморандумға сәйкес осы жылы 92 млн. тенге бөлінетін болады. Гагарин көшесінен басталып Сәтбаев көшесіне дейінгі аралықтағы магистралдық суарларды жаңартуға байланысты жұмыстар жүргізіледі. Осы мәселені толығымен шешу мақсатында жобалық-сметалық құжат дайындауға қалалық бюджеттен 3 млн. тенге бөлінді. Алдағы жаз маусымында суармалы суарлар бекітілген кесте арқылы жүргізіледі. Аталған кесте Жезқазған қаласының әкімдігінің келісімі бойынша «Жылумен және сумен жабдықтау кәсіпорнымен» АҚ бекітілген.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
17.
|
Күміс Әбдіхамитқызы – «Алтай» ПИК төрағасы: менің сұрағым Есенберлина 65 үйдің канализациясы жөнінде. Үй салынған кезде кәріз құбырлары дұрыс жүргізілмен, егер канализация тоқтап қалса барлық су жертөлеге ағып кетеді. Осы мәселе бойынша сізден көмек сұраймын.
|
Сіздің сұрағыңыз бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындауға 1 млн тенге қарастырылған. ЖСҚ дайын болғаннан кейін жұмыс атқарылады.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
18.
|
Молдабеков Батырбек– қала тұрғыны, зейнеткер: Қаламызда биылғы жылы ауыз су мәселесесі шешімін табады ма?
|
Биылғы жылы Кешендік жоспарда бұл мәселе қарастырылмаған. Осы жылы Қазақмыс корпорациясы Ұйтас-Айдос су құбырының 13 шақырымын айырбастауға қаражат бөліп отыр. Кешендік жоспарға сәйкес Қожамсейіт су қорының жұмысы 2014 жылы басталады. Осы жұмыстар атқарғаннан кейін қала таза сумен қамтамасыз етіледі.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
19.
|
Шегеров Қайрат – «Салават» ПИК төрағасы: менің сұрағым жол мәселесі бойынша. Жезқазған вокзалының бойындағы автокөлік жүретін жол жөнделінеді ме?
|
Моноқалаларды дамыту 2012-2020 бағдарламасына сәйкес қалалық автокөлік жолдары жөндеуден өткізіледі. Оның ішінде осы Жезқазған вокзалының автокөлік жүретін жолының Шынтуринов көшесі қайта жөндеуден өткізіледі. Осы бағдарламаға сәйкес қаланың автокөлік жолдары қайта жаңартылады.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
20.
|
Ғабілдинов Амангелді – қала тұрғыны, зейнеткер: Қаламызда талдар көбірек отырғызылса деймін. Осы мәселеге көңіл бөлсеңіздер?
|
Бұл мәселе біздің назарымызда. Өз есебімде айтып кеткенімдей біз алдымен қаламыздағы барлық суарларды ауыстаруымыз керек. Себебі ағаштарды отырғызсақ ертеңгі күні оларды суаратын су болмаса ағаштарымыз қурап қалады. Сол себепті алдымен суарларды ауыстыру жұмыстарын жүргізіп, содан кейін ағаш отырғызуды қолға аламыз.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
21.
|
Атажанов Тайжан – қызметкер: у меня вопрос по озеленению города. У нас в городе все деревья старые, когда мы будем сажать новые деревья?
|
В прошлом году посадили порядка 250 сосен, это в районе налогового управления и по ул. М. Жалиля. В этом году по городу уберем все сухостои, а так же будут заменены магистральные поливочные водоводы начиная от ул. Гагарина до ул. Сатпаева. После всех этих работ будем вместе сажать деревья.
|
Шингисов Бауржан Кабденович – аким города Жезказган
|
22.
|
Мұқанов Өмірбек – Жезқазған қаласының құрметті азаматы, денсаулық саласының ардагері: Жезқазған-Қарағанды поездына қосымша вагондар қосылса деген өтінішім бар.
|
Бұл мәселе жақын арада өз шешімін табады.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
23.
|
Елкина Светлана Мамедовна – домохозяйка: проживаю в поселке Пристанционный улица Майлина дом 4, уменя вопрос по хоз. питьевой воды. Жители улицы вынуждены ходить за водой во все времена года на одну колонку за железной дорогой. Очень просим Вас нам помочь.
|
По вопросу водопровода в поселке Пристанционный по улице Майлина сообщаю, что будет проводиться согласно программы комплексного плана социально-экономического развития городов Жезказган, Сатпаев и Улытауского района Карагандинской области на 2012-2017 годы. В целях обеспечения населения качественной питьевой водой с 2010 года ведется строительство Эскулинского водовода с учетом водоснабжения города Жезказган, согласно проектным данным, ежегодный объем воды от Эскулинского водовода г.Жезказган составит 9,5 млн.м3/год. Завершение строительства планируется в декабре текущего года. ТОО «Корпорация Казахмыс» скорректирована проектно-сметная документация по реконструкции напорной части Уйтас-Айдосского водовода (протяженностью 13 км).
|
Шингисов Бауржан Кабденович – аким города Жезказган
|
24.
|
Чемыхин Олег Сергеевич – преподаватель: когда будет асфальтировано дорога по ул. Байконурова?
|
По программе развития моногородов на 2012-2020 годы за счет республиканского бюджета на 365 млн.тенге предусмотрена реконструкция внутригородских автомобильных дорог. В этом году с согласованием услугадателей будут ремонтированы только объездные дороги, связи с заменой тепловых, водопроводных сетей. После этого будем ремонтировать внутригородские дороги. Улица Байконуровав программе есть, разработан ПСД на сумму 60 млн. тенге
|
Шингисов Бауржан Кабденович – аким города Жезказган
|
25.
|
Егембаев Зейнолла – қала тұрғыны, зейнеткер: № 1 автобус уақытында жүрмейді, кейде жүрмейтін кездері болады. Осы мәселені назарға алсаңыз?
|
Бекболатсай елді мекеніне баратын маршруттың жұмысты дұрыс атқармауына байланысты сотқа берілген. Егер мәселе шешілмесі осы бағытта жүретін басқа мердігерді белгілеу жұмысын ұйымдастырамыз.
|
Бауыржан Қабденұлы Шыңғысов – Жезқазған қаласының әкімі
|
26.
|
Красненка Ирина Михайловна – пенсионер: жительница дома Гагарина 24. Я не довольна работой КСК, почему КСК не работает, за что мы платим?
|
Председателей КСК мы не назначаем, назначают в общей собраний жителей домов. Я поручаю советника акима города Абдулкаримова С.Г. провести общее собрание жителей по работе КСК. Если КСК не работает назначить нового председателя среди жителей.
|
Шингисов Бауржан Кабденович – аким города Жезказган
|
Примечание: в ходе отчетных встреч на все вопросы были даны исчерпывающие ответы.
|